Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде Маңғыстау облысының Қаракия ауданының Ералы станциясындағы 50 орындық балабақшасының салтанатты ашылуы болды.
Әлеуметтік маңызы зор құрылыстың жүзеге асуы «Тюб-Караган», «Н-Оперейтинг Компани» және «Жемчужины» жобаларының қатысушыларының бірлескен қаржыландыруының арқасында болды.
«Қаражанбас Ойл» — «Қаражанбас Ойл» 100% еншілес кәсіпорны, өнімдерді бөлу Келісімінің тең құқықты жағы болып табылады.
Техникалық жобаның әзірлеу мен «бастан аяғына дейін» деген шарттар негізіндегі құрылысты қоса алғандағы объектінің жалпы құны 119,7 млн. теңге.
Техникалық жобаны ЖШС «КазТепло» әзірледі, ал балабақша құрылысы ЖШС «Нур-жол курылыс» компания — бас мердігерімен жүзеге асырылды.
Осы ашылған балабақша Ералы станциясының тұрғындары үшін үлкен уақиға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру сапалы қызметтерінде тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.
Жаңа балабақшада 7 топ жұмыс істейді. Топтарды жарақтандыру қазіргі заман талаптарына сай келеді. Балабақшада саз және спорттық залдар үшін бөлмелер бөлінген. Балабақша аумағы түгелімен қоршалған және қазіргі заманға сай балалар алаңдарымен жабдықталған.
Өткенде, үстіміздегі жылдың маусым айының басында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының Ақшұкыр аулындағы дәрігерлік емхананың салтанатты ашылуы болды.
Техникалық жобаны әзірлеу мен «бастан аяғына дейін» деген шарттар негізіндегі құрылысты қоса алғандағы объектінің жалпы құны 119,7 млн. теңге. Техникалық жобаны ЖШС «Актау Саулет-Курылыс» әзірледі, ал дәрігерлік емхананың құрылысын ЖШС «Жана Кала Батыс» компания — бас мердігерімен жүзеге асырылды.
Жаңа емхана ауыл тұрғындары үшін білікті медициналық-санитарлық көмек мәселесін шешуге көмектеседі. Өткізгіштік қабілеті — ауысымда 50 келіп-кету, ғимараттың жалпы ауданы 549,69 м² құрайды. Емханада дәрігерге дейінгі және дәрігерлік қабылдаулар, бала дәрігерлерлер, акушер-гинекологтар бөлмелері, емдеу және физиотерапиялық бөлмелері, 10 адамдық күндізгі стационар палаталары және басқа да қызметтік бөлмелер бар.
Бұл әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы теңіз жобалары бойынша «Жемчужины» — «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» Компаниясы, «Тюб-Караган» — «Тюб-Караган Оперейтинг Компани Б.В.» Компаниясы және «Н» жері — ЖШС «Н Оперейтинг Компани» қатысушыларының бірлескен қаржыландырылуының арқасында болды. Жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша әлеуметтік міндеттемелердің құрал-жабдықтарын біріктіру Маңғыстау облысында маңызды және ірі объектілерді қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Маңғыстау облысының Әкімдігінің қаржыландыру туралы жасалған келісіміне сәйкес өкілетті мекеме арқылы мердігерді таңдау ұйымдастырылды және құрылыс барысы кезінде техникалық қадағалау жүзеге асырылды. Бұл нысандар 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулықты дамыту мемлекеттік даму бағдарламасы және 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаласына сәйкес жүзеге асырылды.
Анықтама:
«Жемчужины» жобасы:
Каспий теңізінің солтүстік жағында орналасқан «Жемчужины» шартты аймағында өнімдерді бөлу туралы Келісімге Қазақстан Республикасының мұнай және газ Министрлігі мен жер қойнауын пайдаланушылар — «Қаражанбас Ойл», «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» компаниясы, «Оман Перлз Компани Лимитед» компанисы арасында 14 желтоқсанда 2005 жылы қол қойылды.
«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы «Жемчужины» жобасы бойынша Оператор болып табылады. Компания 8 қаңтарда 2007 жылы Нидерланды аумағында құрылды. Бірлескен операциялық компанияның жарғы капиталындағы қатысушылар үлесі келесідей үлестірілген: АҚ «МНК «Қаражанбас Ойл» — 40%, «Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед» компаниясы — 40% және «Оман Перлз Компани Лимитед» компаниясы — 20%.
«Тюб-Караган» жобасы:
Каспий теңізінде орналасқан «Тюб-Караган» жері бойынша өнімдерді бөлу туралы Келісімге Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі мен АҚ НК «Қаражанбас Ойл» арасында 29 желтоқсанда 2003 жылы қол қойылды. 2004 жылы «Қаражанбас Ойл» жер қойнауын пайдалануға құқығы өнімдерді бөлу туралы Келісім бойынша «Қаражанбас Ойл» бен «ЛУКОЙЛ Оверсиз Шельф Б.В.» компаниясына қайта табысталды, олар өнімдерді бөлу туралы Келісімнің тең құқылы жақтары болып табылады.
"Лукойл Оверсиз Шельф Б.В." — Қазақстан Республикасының Каспий теңізі қайраңында мұнай жобаларын іске асыру үшін құрылған «ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд.» компаниясының 100% еншілес компаниясы.
«Тюб-Караган» жобасын іске асыру үшін 2004 жылы «Тюб-Караган Оперейтинг Компани Б.В.» бірлескен операциондық компаниясы құрылды. «Тюб-Караган» жері Каспий теңізінің қазақстандық секторының орталық бөлігінде орналасады.
«Н» жері:
Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «Н» жері бойынша №2546 мұнай барлау мен Өндіру үшін өнімдерді бөлу туралы Келісімге Құзыретті орган (Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар Министрлігі) мен АҚ МНК «Қаражанбас Ойл» арасында 29 желтоқсанда 2007 жылы қол қойылды.
«Қаражанбас Ойл», «Н блок Б.В.», «МДК (Ойл энд Газ Н Блок, Қазақстан) ГмбХ.» және ЖШС Каспий теңізінің Қазақстандық секторында орналасқан «Н Оперейтинг Компани» арасындағы бірлескен қызмет туралы Келісім 11 маусым 2009 жылы жасалды.
Шарт талаптарына сәйкес мердігерлер Ракушечное море және Нұрсұлтан құрылымында екі барлау ұңғымасын бұрғылауды қарастыратын барлау жұмыстарының міндетті көлемін орындаулары қажет. Жоба бойынша теңіз мұнай операциялары Ақтау қаласында тіркелген «Н Оперейтинг Компани» қазақстандық операциялық компаниясымен орындалады.
«Қаражанбас Ойл» 14 наурыз 2003 жылы құрылған және «Қаражанбас Ойл» компаниясының 100% еншілес компаниясы болып табылады.