Сапа саласындағы саясат
«Қаражанбас Ойл» компаниясының (бұдан әрі — Қоғам) мақсаты — теңізді барлау және көмірсутек ресурстарын өндіру саласында алдыңғы қатардағы қазақстан компаниясы болу.
Қоғамның сапа саласындағы саясаты — Қоғамның жалпы саясаты мен стратегиясының аса маңызды құрамы.
Сапа менеджментінің жоғары деңгейі Қоғамның бәсекеге қаблеттілігінің қажетті шарты, тиімді қызметі мен қарқынды дамуының кепілі болып табылады.
Сапа саясаты саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай принциптерді орындаумен қамтамасыз етіледі:
- Қоғамның қызметін халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің тиімді жүйесі шеңберінде, оның нәтижелілігін ұдайы жетілдіріп отыру және көтерумен, ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қоғамның мәселелерді шешуге тек кешенді және жүйелі көмегімен Сапа менеджментінің талап етіліп отырған деңгейін қамтамасыз етуі.
- Қоғам шешім қабылдаған және оны жүзеге асырған кезде клиенттер мен серіктестердің бірінші дәрежеде қанағаттануының маңыздылығын басшылыққа алады. Қоғам өзінің серіктестерімен қарым-қатынасын өзара ынтымақтастық негізінде құрады.
- Қоғамның қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштері жалғыз акционер – «Қаражанбас Ойл» ҰК АҚ-ның үмітіне сәйкес.
- Сапаның тиімді менеджментінің шешуші факторы ретіндегі Қоғам басшыларының белсенді көзқарасы. Құрылымдық бөлімшелердің өзінің функциясын тиімді жүзеге асыру мен орындалатын процестерді жүйе ретінде басқаруға мүмкіндік беретін қоғамның ұйымдастырушылық құрылымын оңтайлы құру.
- Қоғамның барлық қызметкерлерін сапаны басқару процесіне саналы түрде тартуға жағдай жасау, процестердің ұдайы жақсаруына жұмылдыру.
- Қоғамға жеткізілетін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырудың заң талаптарына және сапа менеджменті саласындағы стандарттарға сәйкес болуы.
Қоғам басшылары өзіне: сапа менеджментінің нәтижелілігін анықтау, талдау және ұдайы көтеріп отыруға және Қоғамның барлық қызметкерлері оны іске асыруы үшін қажетті ресурстармен және жағдаймен қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.
Сапа саласындағы саясат Қоғам мен оның еншілес ұйымдары және тәуелді қоғамдары үшін ортақ болып табылады және оның Қоғамның қызметіне қолдануға келетіні мен бірдейлігі мәнінде тұрақты түрде талдау мен қайта қарау тақырыбы болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық және түсінікті болып табылады.